Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аулада жаппай би кешін ұйымдастырған көкшетаулық тұрғынның басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жаппай дискотека жасаған. Кешкі көңіл көтеру елде төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін ұйымдастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

иииии
КТК видеосындағы кадр: Twitter

Телеарна би кешіне жүзден астам адам қатысқанын хабарлады. Жаппай мерекені жергілікті тұрғындардың бірі ұйымдастырған екен. Полицияның мәліметінше, тұрғын бұл әрекеті үшін заңға сәйкес жауап берген.

Белгілі болғандай би кеші күн жарық кезде басталып, қараңғы батқанға дейін жалғасқан.

Бастапқыда тұрғындар соңғы онжылдықтардың хиттеріне, сондай-ақ шығыс композицияларына билеген, ал дискотеканың соңы мемлекеттік әнұранның орындалуымен аяқталған.

Айта кету керек, сауықтың ұзақ уақытқа созылғанына қарамастан, көңіл көтергендер көпшіліктің назарын аудармаған. Жаппай серуендеуге ешкім кедергі жасамаған. Ұйымдастырушының жазаланатыны туралы би кеші аяқталғаннан кейін белгілі болған.

Ақмола облысы бойынша ПД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Абдрахманованың айтуынша, жаппай жиынға кінәлі адам табылып, жауапқа тартылған. Әйел адам тек төтенше жағдайды бұзғаны үшін ғана емес, сонымен қатар кешкі уақытта тыныштық бұзғаны үшін де жауап берген.

Еске салайық, кеше, 11 мамырда, елде төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, бұл мегаполистерде, сондай-ақ өзге де аймақтарда сақталған карантин шараларының күшін жоймайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855376-aulada-zappaj-bi-kesin-jymdastyrgan-kksetaulyk-trgynny-basy-blege-kaldy/

pixel