RU

Қарағандылық тұрғын әйеліне хат жазған ер адамды қызғаныштан сабап кеткен

Қарағанды облысында жұбайын қызғанған жігіт досын ертіп барып Атасу кентінің тұрғынын соққыға жыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңалық та дарн
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полицияда хабарланғандай, 11 мамыр күні кезекші бөлімге 43 жастағы Атасу кентінің тұрғыны хабарласып, екі жігіттің өзін үй ауласында соққыға жыққанын айтып арызданған.

Полиция қызметкерлері іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 32 жастағы Атасу кентінің тұрғындарын ұстаған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында ұсталған азаматтың бірі жәбірленушінің жұбайына көз салып, кездесуге шақыру жайлы СМС хат жібергенін жеткізген.

Ол қызғаныштан ер адамды соққыға жыққанын да мойындаған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағы (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда 38 жастағы әйел адам өз танысын тұншықтырып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

33 жастағы марқұмның денесі анықталып, сараптамаға жіберілді. Ал күдікті кінәсін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855383-karagandylyk-trgyn-jeline-hat-zazgan-er-adamdy-kyzganystan-sabap-tastagan/