RU

Ресей әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орынға шықты

Бүгінде Ресейде коронавирус жұқтырудың 232 242 дерегі тіркеліп отыр. Осылайша, көрші мемлекет COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны бойынша әлемде екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 2-орынға шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Джон Хопкинс университетінің ақпаратына сәйкес, COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көшбастап тұр.

Қазіргі уақытта елде 1 миллион 385 мыңнан астам адамда КВИ диагнозы расталған. 81 мыңнан аса азаматы қайтыс болған. Тәулік ішінде 20 мыңға жуық тұрғын коронавирус жұқтырған.

Ал екінші орынға 232 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған Ресей шықты.

Көрші мемлекет 227 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған Испания мен 224 мыңнан аса адамнан COVID-19 табылған Ұлыбританияы басып озған.

Бұл тізімге Италия, Франция, Германия, Бразилия, сондай-ақ, Түркия мен Иран, Қытай еніп отыр.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 млн 250 мыңнан асқан. Пандемия бастау алғаннан бері қауіпті вирустан 287 мың адам қайтыс болып, 1 млн 5 мыңнан астам адам айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855390-resej-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-bojynsa-ekinsi-orynga-sykty/