RU

Тоқаев Алматы халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспарымен танысты (фото)

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымның жобаларымен танысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев көрді
Фото: Ақорда: UGC

Президентке Алматы халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспары таныстырылған.

Тоқаев көрді
Фото: Ақорда: UGC

Түркияның "TAV airport Holding" компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуежайдың жаңа терминалының құрылысы туралы мәлімет берді.

Жалпы көлемі 55 мың шаршы метр болатын терминал жобасының құны 150 миллион евро. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Аталған нысанның құрылысы 2022 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. 

Тоқаев көрді
Фото: Ақорда: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл нысанның Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.

Тоқаевқа Алматы әуежайында жаңа терминал салу туралы айтылды (фото)
Фото: Ақорда: UGC

Сонымен қатар президент Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайырығы құрылысының жобасымен де танысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған жоба қала жолдарындағы кептелісті азайтуға және тұрғындардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Алматыға жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855402-tokaev-almaty-halykaralyk-uezajyn-kajta-zndeu-zosparymen-tanysty-foto/