RU

Путиннің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус инфекциясын жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев
Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев: Instagram

Қазіргі уақытта Песков ауруханада жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің де вирусты жұқтырғаны белгілі болған.

Джон Хопкинс университетінің ақпаратына сәйкес, COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде Ресей екінші орынға шықты. Көрші елде 232 мыңнан аса адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ресей 227 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған Испания мен 224 мыңнан аса адамнан COVID-19 табылған Ұлыбританияы басып озған.

Ал көшті АҚШ бастап тұр. Елде қазіргі уақытта 1 миллион 385 мыңнан аса адамда КВИ диагнозы расталған. 81 мыңнан аса азаматы қайтыс болған. Тәулік ішінде 20 мыңға жуық тұрғын коронавирус жұқтырған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 млн 250 мыңнан асқан.

Пандемия бастау алғаннан бері қауіпті вирустан 287 мың адам қайтыс болып, 1 млн 5 мыңнан астам адам айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855454-putinni-baspasz-hatsysy-koronavirus-zktyrdy/