Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы сұлулық салондарында маникюр мен педикюр жасауға тыйым салынды

Опубликовано:

Қазақстанның бас санитар дәрігері шығарған қаулыда карантинге жабылған Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында сұлулық салондары ашылатыны жазылған болатын. Алайда, елорданың сұлулық салондарында маникюр мен педикюр жасауға әлі де тыйым салынып отыр. Онда тек шаштараз қызметіне рұқсат етілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мемлекеттің бас санитар дәрігері бүгін өткен денсаулық сақтау министрлігінің онлайн-конференциясында сұлулық салондардың ашылуына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Ол салондардың ашылуына қатысты тармақ қаулының өзге бөлімдері сияқты еліміздің әрбір өңірінде жергілікті санитар дәрігерлердің шешімімен қатаңдатылуы мүмкін екенін жеткізді.

Мұндай қатаңдату Нұр-Сұлтандағы сұлулық салондарында орын алды.

Елорда әкімдігінің пресс-конференциясында денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Нұр-Сұлтандағы сұлулық салондарында маникюр, педикюр және косметикалық процедураларға тыйым салынғанын хабарлады. Ол тек шаштараз қызметтеріне рұқсат берілгенін мәлімдеді.

Қарлығаш Әбдішеваның хабарлауынша, шаштараз қызметіне тек алдын ала жазылу арқылы жүгінуге болады. Оған қоса, шаш алушы мен адам медициналық бетперде кию керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер қашан ашылатыны хабарланған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855463-eloradagy-slulyk-salondarynda-manikur-men-pedikur-zasauga-tyjym-salyndy/

pixel