RU

"Қызметіне жалақы төленбейді": Ақмола облысы әкімінің жас кеңесшісі жайлы не білеміз

Ақмола облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болған 22 жастағы Самира Тайтенова жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Жеке мұрағат
Фото: Жеке мұрағат: Instagram

Ермек Маржықпаевтың штаттан тыс кеңесшісі бұл тағайындау өзі үшін үлкен құрмет, жауапкершілік екенін айтады. Жас маман сенім білдіргені үшін облыс әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке алғысын айтты.

"Мемлекет пен ақмолалықтар арасында шыншыл дәнекер болуға тырысамын. Расталған ақпараттың тапшылығы түсінбестік тудырады. Бұл әртүрлі болжамдарға, тіпті ашық жалған мәлімет таратуға әкеліп соғады. Әлеуметтік желілерді қолдана отырып, халықпен жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметкерлермен бірге желідегі пікірталастарға қатысамыз, азаматтардың сұрағына онлайн жауап береміз", - дейді Самира Тайтенова.

Сондай-ақ, жас маманның бұл қызметі үшін жалақы алмайтыны да белгілі болды.

Айта кетейік, Самира 1998 жылы Степногорск қаласында дүниеге келген. Ол екі баланың кенжесі. Мансабы отбасылық жағдайына байланысты ерте басталған.

"Әкем 2015 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Әкем қайтқаннан кейін анам шахтаға қойма меңгеруші болып жұмысқа орналасты. Оған көмектесуді ұйғарып, мен де жұмыс таптым", - дейді бойжеткен.

Жас маман 18 жасында "Жас Отан" жастар қанатының облыстық филиалына қарасты "Кеңес орталығы" консалтинг-орталығының кеңесшісі болып жұмысқа орналасқан.

Оған қоса "Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел" жобасын үйлестірген.

2019 жылдың мамыр айынан бастап "Aqmola – Adaldyq Alany" жобалық кеңсесін басқарған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген бойжеткен заң мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің жазғы түлегі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 22 жастағы Самира Тайтенованың Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың штаттан тыс кеңесшісі болғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855509-kyzmetine-zalaky-tlenbejdi-akmola-oblysy-kimini-zas-keessisine-katysty-ty-derekter-sykty/