Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуіммен бірге жүруге ұялдым": Семіздікпен күрескен келіншек қалай жеңіске жетті (фото)

Опубликовано:

Тараздық Айгерім Қарабаева артық салмақпен күрескен табанды жандар қатарында. 40 келіге жуық салмақтан арылған Айгерім бүгінгі нәтижесіне қол жеткізу үшін түрлі сынақтардан өткен. Арықтатын қымбат өнімдердің түр-түрін пайдаланған ол өзіне керекті нәтижеге жете алмай, дұрыс тамақтанудың арқасында ғана сымбатты болу мүмкін екенін ұғынды. Ал Айгерімнің өмірге деген көзқарасын күрт өзгерткендер қатарында диетологтан бөлек, өзінің кішкентай қызы да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Айгерім Қалабаеваның жеке мұрағатынан/ коллаж KAZ.NUR.KZ
Фото: Айгерім Қалабаеваның жеке мұрағатынан/ коллаж KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Айгерім оқушы кезінен де томпақ қыздар қатарынан болғанын айтады.

"Бірақ айтарлықтай семіз болған жоқпын. 18-19 жасымда 46-48 киім өлшемін киіп жүретінмін. 2014 жылдан бастап мен жылдам қарқынмен толыға бастадым. Мүмкін, ас мәзірім, мүмкін миымның жұмыс істеуі дұрыс болмаған сияқты. Әйтпесе, қалыпты сымбатымды ұмытып, 122 келі болатындай не көрінді? Бастапқыда бала босанған соң осылай болуы тиіс деп өзімді жұбаттым. Бірақ тұңғыш қызымнан кейін ұлым өмірге келерде 30 келі салмақ қостым. Бұл тым артық. Босанатын кездегі салмағым 125 келіге жетті. Уақыт өте келе артық салмақтың өмір сүруге де кедергі екенін түсіндім", - дейді ол.
Фото Айгерім Қарабаеваның жеке мұрағатынан
Фото Айгерім Қарабаеваның жеке мұрағатынан: Depositphotos

Айгерімнің айтуынша, семіз әйел деген мүлде жақсы ат емес. Ал арықтауға әркімнің де мүмкіндігі бар.

"2018 жылдан бастап салмақ тастаймын деген жігер пайда болды іште. Өйткені, өмірімде бәрі сүреңсіз болғандай көрінді. Семіздіктің салдарынан күйеуімнің қасында жүруге, суретке түсуге, жолдасыммен қыдыруға ұялатынмын. Кисең киім жараспайды. Өзіңді барлық жерде ыңғайсыз сезініп, үнемі комплекспен жүруден шаршадым. Тіпті, өлгім келген кездер болды. Бірде үлкен қызымды дәрігерге апарғанда оның да артық салмаққа бейімі барын айтты. Бұл маған қатты ауыр тиді.
Қызым үшін үлгі әрі әдемі ана болғым келді. Одан бөлек, туған күніме келген анам да мені арықтап, сымбатты қалыпқа түссе деп тілейтінін айтты. Мұның бәрі оңай емес. Іштей өзімді жей бергеннен пайда жоғын білдім де, арықтататын дәрілер сатып алдым. Олар қарайған ақша тұрады, ал нәтижесі керемет емес. Үш айда 12 келі тастадым. Кейін әпкемнен диетолог Нұрила Азизқызы туралы естіп, арықтауға шындап кірістім", - дейді Айгерім.

Алайда, дұрыс тамақтану арқылы арықтау да Айгерімге оңай соққан жоқ. Дегенмен, ол диетологтың және өз ерік-жігерінің арқасында семіздікті жеңіп шықты.

Фото Айгерім Қарабаеваның жеке мұрағатынан
Фото Айгерім Қарабаеваның жеке мұрағатынан: Depositphotos
"Алғашында марафон деген нәрсені дұрыс түсінгем жоқ. Телефонда отырып қалай арықтауға болады деп ойлағам. Бірақ Нұрила мені сабама түсірді. Алғашында оның айтқандарын толық орындамай, арасында ережені бұзған кездерім болды.
Бір күні ол маған: "Семіз адамды жақындары мен балалары ғана жақсы көреді. Басқа ешкім де ұнатпайды" деді. Бұл сөз маған қатты әсер етіп, өзімді қолға алдым. Үздіксіз дұрыс тамақтануды ретке келтіріп, 40 келіге жуық салмақ тастадым. Өзіме де, диетологқа да ризамын. Қазір өмірімнің сәні келгендей болды. Үшінші баламды да дүниеге әкелдім", - дейді Айгерім.

Айта кетейік, бұған дейін бір жарым жылдың ішінде 60 келі салмақтан арылған әскери келіншек жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855531-kjeuimmen-birge-zruge-aldym-semizdikpen-kresken-kelinsek-kalaj-zeiske-zetti/

pixel