RU

Қазақстандықтарға 22:00-ден 09:00-ға дейін шулауға тыйым салынады

Қазақстандықтарға кешкі сағат 10-нан таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл заң жобасын парламенттің төменгі палатасы депутаттары мақұлдады. Құжат сенат қарауына жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан парламенті мәжілісінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 22:00-ден 09:00-ға дейін шулауға тыйым салынады
Көрнекі фото: pexels.com: UGC

Мәжілісмендер "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі" жобасының кодексін қарастырды. Құжатта қоғамда талқыға түскен міндетті екпе мен донорлықтан басқа, елдегі тыныштық уақытының ұзақтығын реттейтін норма өзгертілді.

Сенат өзгертулерді қабылдаған жағдайда қазақстандықтарға жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ға дейін, ал демалыс пен мереке күндері сағат 23:00-тен 10:00-ға дейін шулауға тыйым салынады.

Бұл талаптарды барлық азаматтар мен фирмалар сақтауы тиіс. Қазір заңға сәйкес 23:00-ден 06:00-ге дейін шулауға тыйым салынған.

Бұл заңбұзушылықтар үшін азаматтарға 5 АЕК көлемінде, ал кәсіпорындарға бизнес субъектісіне байланысты 20, 30 және 100 АЕК (ҚР әкім. кодексінің 437- бабы) көлемінде айыппұл бекітіледі.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855640-kazakstandyktarga-2200-den-0900-ga-dejin-sulauga-tyjym-salynady/