Бір адам ауыр халде: Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер көпіріне соғылды (фото)
Опубликовано:
Кеше түнде Toyota Corolla жеңіл көлігі жолдан шығып кетіп, жаяу жүргіншілер көпіріне соғылған. Соның салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Жол апаты алматы қаласында орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Жапония көлігі Солтүстік айналма жолында оңтүстік бағытқа қарай бара жатқаны хабарланды. Рысқұлов даңғылына жетпей Toyota жүргізушісін басқа транспорт "қысып кеткен". Ол апаттан қашып, рөлді жолдың қарсы бетіне бұрған.

Соның салдарынан көлік жолдың шетінен шығып кетіп, жаяу жүргіншілер көпіріне соғылыпты.
Оқиға орнына сол маңда жүрген адамдар келіп, апаттан зардап шеккен төрт адамға қол ұшын берген.

Басылым мәліметінше, бір жолаушының жағдайы ауыр. Оны және басқа жәбірленушілерді ауруханаға жатқызғаны белгілі болды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, жақында Шығыс Қазақстан облысында балалар мінген автобустың апатқа ұшырағанын жазғанбыз. Жол-көлік оқиғасынан 8 жасөспірім жарақат алған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855708-bir-adam-auyr-halde-almatyda-zeil-klik-zaau-zrginsiler-kpirine-sogyldy-foto/