RU

"Үйден шығып, қайта оралмаған": Cемейде 19 жастағы бойжеткен іздестірілуде

Семей қаласында 19 жастағы Айым есімді ару іздестірілуде. Бойжеткен 3 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмаған. Қыздарын өздігінен таба алмаған соң туыстары полицияға хабар берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі: Twitter

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қазір Айымды іздеу жұмыстарына 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен сүңгуірлер тартылған.

Сүңгуірлер жеті шақырымға жететін өзенді шарлап шыққан. Бүгінде олар Ертіс өзенінің жағалауын аспалы көпірден бастап қарауда. Сондай-ақ құтқарушылар моторлы қайықпен барлық аралдарды тексеруде.

Айта кетейік, із-түзсіз кеткен Айымның бойы - 165 см, көзі - қоңыр, шашы - сары. Үстінде қара жемпір мен джинсы шалбар болған.

Айым қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білген жандар 8 7222 569717 немесе 102 нөміріне хабарласуы қажет.

Еске сала кетейік, Алматы облысында ер адамға пышақ жарақатын салып, тас жолда тастап, көлігін мініп кеткен адамды анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқаныны хабарлаған едік.

Аталмыш жайтқа қатысты адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855869-jden-sygyp-kajta-oralmagan-cemejde-19-zastagy-bojzetken-izdestirilude/