RU

Тәжікстанда бір тәулікте коронавирус алты адам ажал құшты

Тәжікстанда бір күнде коронавирус ауруын жұқтырған 106 адам анықталып, алты науқас қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырдағы мәліметінше, елде 907 адам коронавирус жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Тәжікстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 106 адам анықталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Осылайша, Тәжікстанда 29 адам коронавирус дертінен көз жұмды.

Бұл уақытта азаматтардың дені ресми статистикаға күмәнмен қарап отыр. Душанбе тұрғындары дайындаған тізімде коронавирус пен пневмониядан 200-ден астам адам қайтыс болғаны көрсетілді.

Әлеуметтік желі қолданушылары туыстарының, достарының және таныстарының коронавирустан көз жұмғанын жазып жатыр.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырда хабарлауынша, медициналық мекемелерінде 4299 адам жатыр, бір тәулікте 403 адам ауруханадан шыққан. Алайда бұл пациенттердің ауруханаға қандай диагнозбен түскені әзірге белгісіз.

Тәжікстан билігі елде коронавирус тіркелгенін 30 сәуірде жариялады.

Сонымен қатар республикада дәрігерлердің қорғаныс киімдері мен дәрі-жетіспейтіні туралы да хабарланды. Алайда билік мұндай мәліметті жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 300 мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855888-tzikstanda-bir-tulikte-koronavirus-alty-adam-azal-ksty/