Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда нөсерден ағаштар құлап, аулаларды су басқан (фото, видео)

Опубликовано:

Өткен түнде оңтүстік астанада ай сайынғы жауын-шашынның төрттен бір бөлігі жауған. Салдарынан 20-дан астам су басу дерегі тіркеліп, 19 ағаш құлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағаштар құлап, аулаларды су басқан: Алматыдағы нөсердің салдарын ТЖД көрсетті (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Ведомствоның хабарлауынша, 14-15 мамыр аралығында мегаполисте нөсер жаңбырдың салдарынан су басудың 21 жағдайы орын алған. Жауын-шашын 19 ағаштың құлауына себепші болған. Абырой болғанда салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Ағаштар құлап, аулаларды су басқан: Алматыдағы нөсердің салдарын ТЖД көрсетті (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

ТЖД дауылдық ескерту жарияланғандықтан, оңтүстік астананың барлық төтенше жағдайлар қызметі ауа райының салдарына дайын болыпты.

Түстен кейін жұмысшылар мен су сору жабдықтары қаладағы су басу жиі болатын аймақтарға жіберілген. Үш аймақта бұл әрекет өз тиімділігін көрсеткен.

Ағаштар құлап, аулаларды су басқан: Алматыдағы нөсердің салдарын ТЖД көрсетті (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Қалған жағдайларда құтқарушылар азаматтардың өтініштері бойынша орындаған. Осылайша 15 үй су басудан аман қалған.

Наурызбай ауданында бір үйді су басқан. Дегенмен қазіргі кезде тасқынның салдары жойылды, деп хабарлады ведомство.

Алматының төрт аймағындағы жолдарды, сонымен қатар екі биік ғимараттың жертөлесін жаңбыр суы басқандығы да белглі болды.

ТЖД хабарлағандай, су тасқынының 75%-ы дерегі арықтардан су өту деңгейі төмен болғаны себепті, қалған 25%-ы бітелген арықтың салдарынан болған.

Ағаштардың құлауына байланысты 8 автокөлікке зақым келген, 10-нан астам ағаш жол бойына құлаған. Қазір құлаған ағаштардың барлығы қозғалысқа кедергі болмауы үшін жолдардан алынған.

Нөсердің салдарымен күресуге 130-дан аса маман мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

"Су басу кезінде 840 текше метр су сорылды, 260 құм толы қап төселді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады", – деп толықтырды департаменттегілер.

Еске сала кетесек, бұған дейін толассыз жауған жаңбыр салдарынан Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басып, Төле би ауданында Төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1855900-agastar-klap-aulalardy-su-baskan-tzd-almatydagy-nserdi-saldaryn-krsetti-foto-video/

pixel