RU

Елімізде коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

Қазақстанда 13 мамырда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам көз жұмды. 1958 жылы туған әйел адам және 1977 жылы туған ер адам", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша елімізде, коронавирустан көз жұмғандар саны 34 адамға жетіп отыр.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан (5 адам), Алматы (9 адам), Шымкент (6 адам) қалалары мен Ақмола (4 адам), Қарағанды (3 адам), Шығыс Қазақстан (1 адам), Жамбыл (1 адам), Қостанай (1 адам), Маңғыстау (1 адам), Павлодар (2 адам) және Түркістан (1 адам) облыстарында тіркеліп отыр.

Ал әлемдегі жағдайға келсек, дүние жүзінде COVID-19 қайтыс болғандар 300 мыңнан асқан.

Өлім-жітім саны бойынша әдеттегідей АҚШ көш бастап тұр. Мұнда COVID-19 диагнозымен 86 мыңнан аса адам ажал құшқан.

Көз жұмғандар саны бойынша екінші және үшінші орындарда Ұлыбритания мен Италия.

Көрші Ресейде де ауру жұқтыру мен өлім-жітім саны артып келе жатқанын атап өткен жөн. Елде 250 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып, қауіпті індеттен 2,3 мың ресейлік қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855921-elimizde-koronavirustan-tagy-eki-adam-kz-zmdy/