RU

"11 қабат": Алматы қаласындағы тұрғын үйдің бірінен өрт шықты (видео)

Оңтүстік астананың орталығында орналасқан "Гаухартас" көп қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Алматы ТЖД
Видеодан кадр/Алматы ТЖД: Instagram

Ведомство мәліметінше, Абай даңғылында орналасқан 15 қабатты "Гауһартас" тұрғын кешеніндегі үйдің 11 қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

Оқиға орнына 70 адам мен 18 техника жұмылдырылғаны белгілі болды.

Құтқарушылар барлығы 55 адамды эвакуациялаған, олардың 20-сы балалар.

Тілсіз жау 00.22-де ауыздықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856044-11-kabat-almaty-kalasyndagy-trgyn-jdi-birinen-rt-sykty-video/