RU

Елімізде тағы 161 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 6 мыңға жуықтады. Өткен тәулікте тағы 161 адамнан коронавирус анықталған деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай:

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 161 адамның 26-ы Нұр-Сұлтан қаласынан, 20-ы Алматы қаласынан, 12-і Шымкент қаласынан, 32-і Атырау облысынан, 11-і Ақтөбе облысынан, 10-ы Алматы облысынан, 13-і Қызылорда облысынан, тоғызы Батыс Қазақстан облысынан, жетеуі Қарағанды облысынан, жетеуі Павлодар облысынан, алтауы Маңғыстау облысынан, төртеуі Қостанай облысынан, екеуі Ақмола облысынан, біреуі Шығыс Қазақстан облысынан және бір адам Түркістан облысынан.

Осылайша елімізде қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 5850-ді құрап отыр. Олардың 2707-і жазылып шықса, 34 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін 18 мамырдан бастап Жамбыл облысында карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Алматыда қандай нысандардың жұмысына тыйым салынғаны айтылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856054-elimizde-tagy-161-adam-koronavirus-zktyrgan/