RU

Еуропада бірінші болып Словения коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

Еуропада бірінші болып Словения коронавирус індетін жеңгенін ресми түрде мәлімдеді. Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азатыққа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Словения - індетке байланысты қатаң шаралар енгізген Еуропадағы алғашқы мемлекет. Наурыз айында енгізілген шектеулер сәуір айының ортасында алына бастады.

Қазір билік бірнеше көрші мемлекетпен шекарасын ашқан. Ол жақтан келгендердің карантиннен өтуі шарт емес. Дегенмен басқа елдерден келген азаматтар екі апта карантинде болуы керек.

"Эпидемияны жеңдік" деп мәлімдеген Словения билігі барлық шектеу шаралары алынатынын хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, Словенияда 1,5 мыңға жуық адамнан COVID-19 инфекциясы табылған. 103 адам қайтыс болған.

Еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 161 адам тіркелген. Осылайша Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 5850-ге жеткен. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан және Атырау облысынан.

Ал әр өңірдегі карантин сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңілдетілмек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856062-europada-birinsi-bolyp-slovenia-koronavirusty-zegenin-mlimdedi/