Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Ақтауда Галина Ермольчева есімді жасөспірім қызға іздеу салынды. Ол кеше кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Лада сайтына сілтеме жасап.

Галина Ермольчева. Фото: lada.kz
Галина Ермольчева. Фото: lada.kz: Depositphotos

Галинаның туыстарының айтуынша, ол 15 мамырда сағат 18:00-де шағынаудандағы үйінен шығып кеткен. Содан бері Галинадан хабар жоқ.

"Ол 21:30-ға дейін көрші аулада серуендеп жүрген. Кейін құрбыларына қайырлы түн тілеп, үйге қайтқан. Алайда ол келмеді", - дейді жасөспірімнің жақындары.

Айта кетейік, Галина Ермольчеваның үстінде көк кофта, джинсы шалбар және аяғында ақ кроссовки болған.

Галинаның туғандары полицияға жүгінген. Сонымен қатар кімде-кім оған қатысты қандайда бір ақпарат білсе, 8 (702) 807-72-30, 8 (778) 369-15-44 нөмірлеріне хабарласуын сұрап отыр.

Галина Ермольчева. Фото: lada.kz
Галина Ермольчева. Фото: lada.kz: Depositphotos

Айта кетейік, бұған дейін Семейде 19 жастағы арудың із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді. Бойжеткенді іздеу жұмыстарына ұлттық ұлан сарбаздары, полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер қатысқан болатын.

Алайда 15 мамырда оның денесі ипподром аумағында өзен жағасынан табылған. Қазір өлім себебін анықтау мақсатында бірқатар сараптама тағайындалған, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856063-aktauda-zasspirim-kyz-zogalyp-ketti-foto/

pixel