RU

Елордада 62 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болмаған

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында 13 мамырда коронавирустан екі адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның бірі 62 жастағы әйел адам болатын. Бүгін елорда әкімдігі тұрғынның COVID-19-дан көз жұмбағанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com
Иллюстрациялық фото: pixabay.com: UGC

Әкімдіктің мәліметінше, әйел адам коронавирус инфекциясымен бірге басқа да аурулармен ауырған.

Яғни марқұмның өлімі прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған.

"Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды", - делінген хабарламада.

Айта кетейк, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғанда саны 5850-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 161 адамнан коронавирус анықталған.

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау облысынан.

Сонымен қатар 15 мамырда Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда аумағында санитарлық блок-бекеттер жұмысының жаңа алгоритмін жариялаған еді. Оған сәйкес кімдерге қалға кіріп-шығуға кімдерге рұқсат етілгені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856067-elorda-kimdigi-62-zastagy-jel-adamny-koronavirustan-kajtys-bolmaganyn-mlimdedi/