RU

Алматыда коронавирус жұқтырған орталық аурухана қызметкері көз жұмды

Алматыда коронавирустан емделіп жатқан Орталық клиникалық қалалық аурухананың қызметкері қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, инфекциялық стационарда Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері көз жұмған.

"Ол ауруханада лифтер болып жұмыс істеген. 16 сәуірде одан SARS CoV-2 ПТР талдау алынған болатын. Тест оң нәтиже көрсеткен соң, науқас инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Қайтыс болған науқас хаттама бойынша жансақтау, яғни қарқынды терапия бөлімінде емделген болатын", - дейді басқарма өкілдері.

Жүргізілген ем шараларына қарамастан полиорганды жетіспеушілік пайда болған. Қазір арнайы комиссия әйел адамның өліміне байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында 13 мамырда коронавирустан екі адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның бірі 62 жастағы әйел адам болатын. Бүгін елорда әкімдігі тұрғынның COVID-19-дан көз жұмбағанын хабарлады.

Марқұмның өлімі -прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856072-almatyda-koronavirus-zktyrgan-ortalyk-auruhana-kyzmetkeri-kz-zmdy/