RU

"Ондай дәстүр қалыптаспаған": Президент туған күнін тойлағанды ұнатпайтын болып шықты

Ертең, 17 мамырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толады. Алайда мемлекет басшысы туған күнін тойлағанды ұнатпайтын болып шықты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері "мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауал жолдап жатыр.
Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды.
Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.
Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде.
Қазірдің өзінде көптеген мемлекет және үкімет басшыларының, парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын", - дейді Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856079-ondaj-dstr-kalyptaspagan-tokaev-tugan-knin-tojlagandy-natpajtyn-bolyp-sykty/