Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда ойын-сауық орталықтары қашан ашылады

Опубликовано:

Алматыда біртіндеп карантин режимі жеңілдетіліп жатыр. Кейбір мекемелер жұмысын бастап кетсе, енді бірі 25 мамырдан жұмысын қайта жандандырмақ. Осы орайда қалалық әкімдік шаһардағы сауда ойын-сауық орталықтары шамамен қашан ашылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, барлығы шаһардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Дегенмен қазіргі уақытта 25 мамырдан бастап, кезең-кезеңмен сауда нысандарын ашу мәселесі талқыланып жатыр екен.

"25 мамырдан бастап Алматы қаласында қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану орындарын, сауда орталықтарын, сауда-ойын-сауық кешендерін және тағы басқаларын кезең-кезеңімен ашу мәселесі қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады. Аталған нысандарды іске қосу алгоритмі бойынша ақпарат қосымша ұсынылатын болады", - деп атап өтті әкімдіктен.

Айта кетейік қазіргі таңда шаһарда көлік және қойма, ақпарат және байланыс, қаржы қызметтері, фотосалондар мен гүл павильондары, шаштараздар, жылжымайтын мүлік бойынша жасалатын операциялар жөніндегі компаниялар, баспа қызметі, аяқ киім жөндеу және химиялық тазалау, кір жуу, 500 шаршы метрге дейін азық-түліктік емес дүкендер жұмысын бастап кеткен болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қонақ үй кешендері мен қоғамдық тамақтану орындарының 18 мамырда ашылатыны айтылған. Кейін бұл күн 25 мамырға ауыстырылғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856082-almatyda-sauda-ojyn-sauyk-ortalyktary-kasan-zmys-istej-bastajdy/

pixel