RU

COVID-19: Бразилияда екінші денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті

Бразилияда коронавирус індеті өршіп тұрған тұста денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Фото: estilozzo.com
Фото: estilozzo.com: Depositphotos

Нельсон Тейч бұл лауазымға бір айдай бұрын ғана тағайындалған болатын.

Ал алдыңғы әріптесі президент Жаир Болсонарумен індетпен күрес бойынша ортақ келісімге келе алмаған көрінеді.

Бірақ оның орнына келген Тейч те бірқатар аймақты аралап, Болсонарудың көзқарасымен келісе алмайтындығын жеткізген.

Себебі мемлекет басшысы індет деректері асыра айтылған деген пікірде. Сондықтан коронавирусқа қарсы шектеу шараларын тез арада алып тастауды қалайды.

Ал соңғы мәліметтерге қарағанда Бразилияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 212 мыңнан асқан, 14 мыңнан аса науқас көз жұмған.

Айта кетейік, көрші қырғыз елінде де денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев қызметінен босатылған болатын.

Белгілі болғандай ел президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік Кеңесінің шағын құрамда отырысын өткізіп, онда коронавирустың таралуына байланысты үкіметтің бірқатар мүшелерін сынға алған.

Атап айтқанда денсаулық сақтау министрінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізген. Осы кездесудің қорытындысы бойынша премьер-министрге үкіметтің бірқатар шенеуніктеріне қарсы шара қолдануды ұсынған.

Кейін Чолпонбаев пен вице-премьер Алтынай Өмірбекова қызметінен кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856092-covid-19-braziliada-ekinsi-densaulyk-saktau-ministri-kyzmetinen-ketti/