Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқырды (видео)

Опубликовано:

Қарағандыда полицейлер көлге батып кетуге шақ қалған ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда полицейлер су батып бара жатқан адамды құтқырды (видео)
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

16 мамыр күні шамамен кешкі сағат 8-де Қарағанды ​​ПБ жедел басқару орталығына кәмелетке толмаған балалар Орталық саябақтың көлінде шомылып жүргені туралы хабарлама келіп түседі. ЖБО инспекторы оқиға орнына парк аумағын күзететін патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді.

Тиісті орынға жеткен патрульдік полиция, құрамында кіші лейтенант Хален Дархан және кіші лейтенант Нұралиев Мадияр, балалармен алдын ала ескерту жасап, әңгімелесіп жатқан екен.

Дәл осы мезетте тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан ер адамның көмек сұрап айқайлап жатқанын көреді. Уақыт жоғалтпай қызметкерлер өздерін суға сүңгіп, адамды көлден алып шығады. Қызметкерлер жедел жәрдем шақырғаннан кейін ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Оқиға қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, алайда жедел басқару орталығы қызметкерлері мен Қарағанды ​​полиция бөлімінің патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адамның өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта ер адам медициналық көмек көрсету үшін Қарағанды ​​қаласының облыстық медицина орталығына жатқызылды.

Еске сала кетсек, Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жасар бала ағысы қатты өзенге құлап кеткен болатын. Оны сол маңда отырған бейтаныс азаматтардың бірі құтқарып қалған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1856133-karagandyda-policejler-su-batyp-bara-zatkan-adamdy-ktkyrdy-video/

pixel