Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильдегі Қытай елшісі өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Израильдегі Қытай елшісі өз резиденциясында өлі күйінде табылды. Полиция дипломаттың қазасы неден болғанын анықтап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Израильдегі Қытай елшісі өлі табылды
Фото : MIGnews.com: UGC

Израильдегі Қытай елшісі Ду Вэй жексенбі күні таңғы уақытта Тель-Авив қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Герцлия қаласындағы резиденциясында өлі күйінде табылды.

Ду Вэй Израильге 2020 жылдың қаңтар айында қонып аударған. Дипломаттың жасы 57-де болған. Артында жұбайы мен ұлы қалды.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сүйенсек, марқұмның денесінде зорлық белгілері, зақым алған іздер жоқ.

Қазіргі уақытта полиция өлім себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, дипломат жүрек талмасынан қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Семейде із-түссіз жоғалған Айым Қамзаеваның денесі саяжай массивіндегі ипподром аумағында өзен жағасынан табылды. Үйінен кетіп, қайта оралмаған қызды іздеу жұмыстарына ұлттық ұландықтар, полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер қатысқан болатын.

Ол - 3 мамыр күні жоғалған 19 жастағы семейлік қыз. Ведомство ақпарынша, Семей тұрғынының денесінен жарақаттар немесе басқа да зақымдар байқалмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1856150-izraildegi-kytaj-elsisi-li-tabyldy/

pixel