RU

Семейде жұмысшы жөндеу жұмыстары кезінде құдықта қайтыс болған

Семейде жөндеу жұмыстары кезінде су арнасының үш қызметкері құдықтан шыға алмай, құтқару жасағын шақырған. Құтқарушылар мен дәрігерлердің жұмылуына қарамастан, зардап шеккендердің бірі көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

иииии
Көрнекі фото: globallookpress.com: UGC

Ведомствоның хабарлауынша, 16 мамыр күні сағат 13:43-те Семей қаласындағы құдықтардың бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "Семей Водоканал" МКК жұмысшылары құдықтан өздігінен шыға алмай, жедел-құтқару жасағына хабарласады.

"Бес минуттан кейін құтқарушылар оқиға туралы хабарлаған жұмысшының құдықтан өздігінен шығып кеткенін байқаған, екіншісі - сондағы кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен жер бетіне шыққан. Үшінші қызметкер құдықта ес-түссіз күйінде қалған, оның үстіне құдық суға тола бастағанда жағдай ушығыпты", – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Газтұтқыш киген құтқарушылар баспалдақ арқылы төмен түсіп, арқандардың көмегімен ер адамды алып шықты. Бұған үш-төрт минут уақыт кетті. 20 минут ішінде жедел жәрдем дәрігерлері мен құтқарушылар зардап шеккен адамның өмірі үшін жансақтау шараларын жүргізді, бірақ, өкінішке орай, еш нәтиже шықпады. Ер адам қайтыс болды. Зардап шеккен қалған екеуі Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетсек, Қарағандыда полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқырып қалған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856162-semejde-zmyssy-zndeu-zmystary-kezinde-kdykta-kajtys-bolgan/