Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған азамат сотталды

Опубликовано:

Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған азамат 12 жылға сотталды. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған азамат сотталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлауға қатысты қылмыстық іс материалдары бірнеше ай бойы қаралды. Нәтижесінде бірінші инстанция соты айыпталушы қылмыс жасады деген шешімге келіп, Павлодар тұрғынын 12 жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қазір іс сотталушының қорғаушысы жүгінген апелляция алқасында жатыр. Іс жабық режимде өткендіктен, сотта кәмелеттік жасқа толмаған қыз оқиғасының мән-жайы айтылмады. Тек іс материалдарында зорлаудың бір ғана жағдайы бар екені белгілі.

Айта кетейік, бінеше күн бұрын Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін айыпталып, күдікке ілінген азамат ұсталды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қайғылы жағдай сегізінші мамыр күні орын алған. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Лада порталы хабарлаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856253-pavlodarda-kmelettik-zaska-tolmagan-kyzdy-zorlagan-azamat-sottaldy/

pixel