Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Бейсен Құранбек туралы: Ол еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

ррррр
Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді.
Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Бүгін, 18 мамыр күні таң атысымен белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабар келіп түсті. Ол небәрі 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Күллі елге сыйлы болған журналисті соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетіні хабарланды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ол үшін арнайы комиссия құрды.

Еліміздегі танымал тұлғалар қазақ журналистикасы үшін қаралы күн екенін айтып, Бейсен Құранбектің қазасына аза тұтуда. Олар бірінен соң бірі журналистің отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр.

Оған қоса, Дана Нұржігіт әріптесі әрі жақын досы болған Бейсен Құранбек жайлы жазбасымен бөлісіп, оны қараған емшінің не айтқанын жария етті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде беделді тележүргізушінің қазасына қайғыра көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856347-elbasy-bejsen-kranbek-turaly-ol-tugan-eline-adal-kyzmet-etudi-zarkyn-lgisine-ajnaldy/

pixel