Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов астаналықтарды қатаң карантинмен қорқытты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда көшелерінде маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген адамдардың көп екенін жеткізді. Ол егер астаналықтар тәртіпке бағынбайтын болса, қала қатаң режимдегі карантинге қайта оралуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым.
Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.
Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын", - дейді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, 18 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда екінші деңгейлі банктер, ломбардтар және айырбастау нүктелері, елордада храмдар, балабақшалар мен жаздық кафелер жұмысын бастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856410-altaj-klginov-astanalyktardy-kata-karantimen-korkytty/

pixel