RU

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)

Алматы маңында Қарасай ауданындағы "Алтын Орда" базары қайта салынады. Қазір мұнда қарқынды түрде жұмыс жүргізілуде, екі-үш аптадан кейін алғашқы павильон іске қосылады. Базарға келушілер үшін де, сатушылар үшін де жағдай жақсарады деп хабарлайды Қарасай ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: NUR.KZ: Facebook

Әкімдіктің хабарлауынша, базарға ауқымды қайта құру жұмыстары жасалады.

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Facebook

"Altin Orda Kaztraide" ЖШС директорының орынбасары Жұмадін Патовтың айтуынша, базар орналасқан аумақ Алматы-Бішкек тасжолымен бір деңгейге шығару үшін тегістелетін болады. Сонымен қатар, базар бұдан былай сауда-логистикалық орталық мәртебесіне ие, оның аумағы 40 га құрайды.

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Facebook

Сонымен, бірінші павильонның құрылысы бұдан бір жыл бұрын басталған болатын. Құрылыс жұмыстарына компанияның қаражаты жұмсалды. Павильонның ауданы 8,3 мың шаршы метрді құрайды, сонымен қатар 60 мың шаршы метрлік екінші павильон салу жоспарда бар.

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Facebook

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Twitter

Оған қоса, мұнда жерасты паркингі, жағалау және ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасы болады. Екінші павильонның құрылысына қажетті барлық құжаттар дайын, қазір компания мердігер іздеп жатыр.

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Facebook

Бірінші павильон мамырдың соңында немесе маусымның басында іске қосылады деп күтілуде.

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Facebook

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарын бұзып жатыр (фото, видео)
"Алтын Орда" базары. Фото: Қарасай ауданының әкімдігі: Facebook

Еске сала кетсек, Алматыда сауда орындары, қонақ үйлер және ресторандар қашан ашылатыны туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856430-almaty-mayndagy-altyn-orda-bazaryn-bzyp-zatyr-foto-video/