RU

Ғалымдар вирусқа қарсы масканың тиімділігін кеміргіштерге тексеріп көрді

Гонконг университетінің ғалымдары атжалмандарға тест жасау арқылы коронавируспен күресте медициналық маскалардың жоғары тиімділігін дәлелдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

South China Morning Post басылымының мәліметінше, ғылыми тәжірибеге 52 атжалман қатыстырылған. Ғалымдар бір торға коронавирусқа шалдыққан кеміргішті, ал екіншісіне үш сау атжалманды орналастырды. Торлардың арасына инфекцияны ауамен тарату үшін желдеткіш қойылды. Сондай-ақ олардың арасына маскадан жасалған арнайы қабырға орнатылды.

Осылайша, бір аптадан соң маскасыз тордың ішінде болған 15 атжалманның 10-ы коронавирус жұқтырған. Ал ауру кеміргіштердің торы маскамен қапталғанда, қарама-қарсы тордағы сау жануарлардың 12-ден екеуі ғана вирусқа шалдыққан. Тәжірибе барысында тек сау кеміргіштердің торын арнайы қабырғамен қаптағанда, 12 атжалманның төртеуі инфекция жұқтырған.

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар медициналық маска кию арқылы коронавирус жұқтыру қаупін 50 пайызға төмендетуге болатынын анықтады.

Еске сала кетейік, Словения Еуропада бірінші болып коронавирус індетін жеңгенін ресми түрде мәлімдеген болатын. Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан инфекция анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856456-galymdar-viruska-karsy-maskany-tiimdiligin-kemirgisterge-tekserip-krdi/