RU

Еліміздің ғалымдары коронавирус вакцинасын жануарларға сынауды бастап кетті

Отандық зерттеушілер жасаған коронавирус вакцинасының клиникаға дейінгі сынақтары басталды. Жамбыл облысының ғылыми-зерттеу институты адам емдеуде қолданар алдында вакциянаның қандай кезеңдерден өтетінін айтты деп хабарлайды КТК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еліміздің ғалымдары коронавирус вакцинасын жануарларда сынауды бастап кетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Телеарнаның хабарлауынша, әлеуетті вакцина елдің оңтүстік астанасында КВИ-мен ауыратын науқаста анықталған вирус штаммының негізінде жасалған.

Қазір вакцина қазақстандық зертханаларда сынақтан өткізілуде, содан кейін ол Ресейге жіберіледі. Ресейлік арнайы орталықтың мамандары зерттеушілердің әзірлеген жұмысына баға береді. Егер қазақстандық вакцина мақұлданса, адамдарға қатысты сынақ басталады.

Дәрі-дәрмекті тестілеуге өздігінен ниетті азаматтар ғана қатыса алады. Себебі бұл – ерікті іс. Тест қатысушыларына белгілі бір мөлшерде ақы төленеді.

Қазіргі уақытта қазақстандық өндірістің вакцинасын бұған дейін туберкулез бен тұмаудың 4 түріне қарсы дәрі-дәрмектер шығарған Жамбыл облысының ғылыми-зерттеу институттарының мамандары жасау үстінде.

Профессор Хайруллиннің айтуынша, вакцинаны адамдарға сынамас бұрын егеуқұйрық, теңіз шошқасы немесе маймылда сыналады. Зерттеулер Ресейдің жетекші ғылыми орталықтарында жүргізілетін болады.

Вакцина жануарларда, содан кейін адамдарда сынақтан өткеннен кейін ғана препарат шығаруды бастауға болады. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетсек, бұған дейін ғалымдар вирусқа қарсы масканың тиімділігін кеміргіштерге тексеріп көргенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856470-elimizdi-galymdary-koronavirus-vakcinasyn-zanuarlarga-synaudy-bastap-ketti/