Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен кеттім": Бостандыққа шыққан Жанпейісов күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

35 тәулік әкімшілік қамаудан босатылған танымал блогер, қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов (құжат бойынша Бейбарыс Райымбеков) қорғаушысы Закир Асадовтың Facebook парақшасынан қазақстандықтар мен билікке үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: UGC

Ол өз еркімен аталған мәлімдемені жасауға шешім қабылдағанын жеткізді.

Бірінші кезекте ол Қазақстан президентіне үндеу жолдады. Блогер мемлекет басшысын өткен туған күнімен құттықтап, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған іс-шараларын жоғары бағалады.

Сондай-ақ ол биліктің қарсыласы емес екенін алға тартты. Әрдайым тек өзінің субъективті пікірін білдіргенін атап өтті.

Қоғам белсендісі ТЖ кезінде жариялаған даулы видеосы үшін кешірім сұрап, эмоцияға берілгенін мойындады. Ол әрекеті үшін қатты өкінетінін жеткізді.

Екінші үндеуін Жанпейісов ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа арнады.

Ол 7 жыл бойы полицияның проблемасын баяндап, ол әрекеттері жағымды өзгерістерге алып келетініне үміттенгенін мәлімдеді.

Қоғам белсендісі бұдан былай тәртіп сақшыларын видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жарияламайтынын алға тартты.

"Мен өз шешіміме берікпін... Мен бұл саладан кеттім", – деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Жанпейісовтің төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін сот қаулысымен қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856488-men-kettim-bostandykka-sykkan-zanpejisov-ktpegen-mlimdeme-zasady/

pixel