Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Алишев Орталық коммуникациялар қызметін басқаратын болды

Опубликовано:

Руслан Алишев жаңа лауазымға тағайындалды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен енді ол Орталық коммуникациялар қызметін басқарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Руслан Алишев Орталық коммуникациялар қызметін басшысы болды
Руслан Алишев. Фото: facebook.com/Ruslan-Alishev: UGC
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды",– делінген өкімде.

Талғат Қалиев Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы қызметінен босатылды.

Алишев Руслан Қанатханұлының еңбек жолы:

2013 жылы – Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары;

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің электронды БАҚ бөлімінің бастығы;

2014-2016 жж. – "Нұр Отан" Орталық аппаратының Саяси жұмыс бөлімінде әртүрлі лауазымдар;

2016 жылы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттық комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы;

2016-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттық комитет төрағасының орынбасары;

2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ басшысы;

2019 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Еске сала кетсек, Үкімет басшысы Асқар Мамин қаржы министрлігінің ұжымына жаңа басшысын таныстырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856500-ruslan-alisev-ortalyk-kommunikacialar-kyzmetin-baskaratyn-boldy/

pixel