Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі залалсыздандыру орталығының бас дәрігері жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Шымкенттегі залсыздандыру орталығының бас дәрігері қол астындағы қызметкерлер оған қатысты наразылық білдірген соң жұмыстан босатылды. Олар қосымша ақыға байланысты басшылыққа сенімсіздік білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ Шымкент әкімінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шымкенттегі зарарсыздандыру орталығының бас дәрігері жұмыстан қуылды
Фото: NUR.KZ: Original

Мұрат Әйтенов өткен аптада залалсыздандыру орталығының мамандары басшылығына қатысты сенімнің жоғалғанын, үстемақы төленбейтінін айтып шағымданғанын жазған болатын. Әкім бұл факті бойынша тергеу аяқталғанын айтты. Жұмыс тобы заң бұзушылықтарды анықтады.

Мегаполис басшысы орталық қызметкерлеріне қосымша ақы берілетінін айтып, уәде берді. Мекеменің бас дәрігері жұмыстан босатылғанын атап өтті қала әкімі. Әйтенов сондай-ақ жедел жәрдем бекетінде болған оқиға туралы айтты. Бекет қызметкерлері ақша төленбейтінін айтып, шағымданған еді. Әкім уәде еткендей, қосымша төлемдер бұрын жарияланған санаттарға сәйкес төленеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бекет басшылығына қолданылатын шаралар туралы шешім қабылданып жатыр.

Әкім сондай-ақ өз жазбасында шымкенттіктерге коронавирус инфекциясының таралуымен қатар денсаулыққа қауіп төнуіне байланысты қауіпсіздік нормаларын сақтауды еске салды.

Шымкентте әйелінің шашынан тартып, бетінен тепкен ер адам елді шошытты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856558-symkenttegi-zalalsyzdandyru-ortalygyny-bas-drigeri-zmystan-kuyldy/

pixel