RU

Әйгілі Кембридж күндізгі оқу дәрістерін бір жылға тоқтатты

Кембридж университеті келесі оқу жылында барлық күндізгі оқу дәрістерді коронавирусқа байланысты болдырмауды жоспарлап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Кембридж күндізгі оқу дәрістерін бір жылға тоқтатты
Фото: pixabay.com: UGC
"Адамдар арасындағы алшақтықты сақтау керек екенін ескере отырып, университет 2020-2021 оқу жылында күндізгі оқу дәрістерін өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Барлық дәрістер онлайн режимде қолжетімді болады", – делінген университет хабарламасында.

Университет шағын топтарда өтетін бірнеше күнгізгі сабақтарды сақтау мүмкіндігін әлі де қарастырып жатыр.

Онлайн режимге көшу туралы шешім үкіметтің ұсынымдары өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін екендігі айтылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасы карантин кезінде ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттердің мәселесін шешуге көмектескенін жазған болатынбыз.

Айта кету керек, оңтүстік астананың білім басқармасы басшысы Ләззат Жылқыбаева күні кеше онлайн-брифинг барысында мектеп оқушылары үшін ҰБТ мен түлектер кешінің қалай өтетінін айтып берген болатын.

Сонымен қатар, аттестаттаудан өткен педагогтің жалақысына қанша үстемақы қосылатынын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856603-jgili-kembridz-kndizgi-oku-dristerin-bir-zylga-toktatty/