Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан маңында туған күн тойлаған 15 туысқан коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында Нұр-Сұлтан маңында бірден 15 жақын адамның коронавирус жұқтырғанын айтып берді. Инфекцияның жаппай таралуы туған күн тойлаудың нәтижесінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

Жаппай коронавирус жұқтыру жағдайы Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылында болған.

Жақында елді мекенде коронавирус инфекциясының 2 ошағы мен COVID-19 жұқтырған 15 адам белгілі болған.

Дәрігерлер анықтағандай, ауылда туысқандар жиналып, туған күн тойлаған.

Олардың арасында 8 адам коронавирусты туған күн тойлау кезінде жұқтырған. Қалғандарына байланысу арқылы таралған.

Есмағамбетованың айтуынша, бұндай жағдайда вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар стационарға жатқызылады, ал қалғандары үйде оқшауланады.

Ал үйлер мен кіреберістерді карантинге жабу туралы шешімді әр өңір өздері қабылдайды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер денсаулық сақтау министрлігінің ешқашан үйлерді карантинге жабу туралы ұсыныс бермегенін, алайда, әр өңірдің жедел штабы мұндай шешімді өз бетінше қабылдай алатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айжан Есмағамбетова санитарлық талаптар сақталмаса, еліміздің қатаң карантин жағдайына қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856701-nr-sltan-maynda-tugan-kn-tojlagan-15-tuyskan-koronavirus-zktyrdy/

pixel