RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-ға жуықтады

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 5 миллион адамға жуықтады. Нақты айтсақ COVID-19 жер бетінде 4 995 712 адамнан анықталып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 млн-ға жуықтады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Johns Hopkins University күн сайын жаңартып отыратын жаһандық статистикаға сүйенсек, бүкіл әлемде 328 095 адам коронавирустың құрбанына айналған.

Бұл анти-рейтингтің көшбасшысы бірнеше апта қатарынан АҚШ болып келеді. Мұнда 1 551 668 адам инфекция жұқтырған. Көз жұмғандар саны 93 431 адам.

Соңғы бірнеше күн ішінде Ресей екінші орынға жайғасты, ондағы вирус жұқтырғандар саны – 308 705. Осы сағатқа дейін 2 972 науқас қайтыс болған.

Үшінші орында Бразилия тұр. Мұнда соңғы тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 20 мың адамға көбейіп, жалпы саны 291 579-ға жеткен. Пандемия кезеңінде 18 859 вирустан ажал құшқан.

Ұлыбританиядағы жағдай да мәз емес. Қазіргі уақытта Англияда 249 619 адам коронавирус жұқтырған. Патшалықта COVID-19-дан қайтыс болған 35 786 адам тіркелген.

Ал елдегі ахуалға келсек, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 6969-ға жетті. 3734 адам коронавирустан жазылса, 35 адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856758-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-5-mln-ga-zuyktady/