Тағы 58 адам емделді: Елімізде қауіпті дерттен жазылғандар 3835-ке жетті
Опубликовано:
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тізімі 58 адамға көбейді. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 3835-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Cоңғы дерек бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 24 адам, Алматы қаласында - 8 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 21 адам, Жамбыл облысында - 1 адам коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шықты.
Қазақстан бойынша жазылғандар:
Нұр-Сұлтан қаласы – 664
Алматы қаласы – 1111
Шымкент қаласы – 211
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 164
Алматы облысы – 150
Атырау облысы – 203
Шығыс Қазақстан облысы – 28
Жамбыл облысы – 155
Батыс Қазақстан облысы – 210
Қарағанды облысы – 170
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 219
Маңғыстау облысы – 71
Павлодар облысы – 141
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 163
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстары оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, елде аурудың таралу қаупі сейілмегенін айтып, отандастарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856900-tagy-58-adam-emdeldi-elimizde-kauipti-dertten-zazylgandar-3835-ke-zetti/