Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кенішінің жабылатыны рас па: ТШО басшылығы пікір білдірді

Опубликовано:

«Теңізшевройл» басшылығы еліміздің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Теңіз кенішінің аумағы жабылуы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz: UGC

Ақ Жайық газетінің мәліметінше, бас санитарлық дәрігер COVID-19 ауруының ушығуына байланысты Теңіз кенішінің жабылуы мүмкін екендігін мәлімдеген.

Осыған байланысты «Теңізшевройл" басшылығы пікір білдірді.

Олар таратқан ақпаратқа сәйкес, ТШО өндірістік қызметін үздіксіз жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, компания өндірістік қызметінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдай зор көңіл бөліп отырғанын хабарлаған.

"ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру көрсеткіші 77%-ды құрайды және ТШО жобаның жүзеге асырудағы "сыни жолдың" негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған шараларды іске асыруда", - делінген хабарламада.

Соңғы дерек бойынша, елімізде COVID-19 вирусы 7234 адамнан анықталды. Олардың 3835-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 35 науқас инфекция салдарынан көз жұмды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда көшелерінде маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген адамдардың көп екенін жеткізді. Ол егер астаналықтар тәртіпке бағынбайтын болса, қала қатаң режимдегі карантинге қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856935-teiz-kenisini-zabylatyny-ras-pa-tso-bassylygy-pikir-bildirdi/

pixel