Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ жігіттердің аз болғаны намысқа тиеді": Ниязымбетов қазақ футболы жайлы ойын айтты

Опубликовано:

Бала күнінен футболды жақсы көретін Олимпиада ойындарының жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қазақ футболы жайлы ойын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/niyazymbetovadilbek
Фото: instagram.com/niyazymbetovadilbek: Depositphotos

Агенттік берген сұхбатында Әділбек қазір де футбол ойнайтынын, алайда қазақ футболына көңілі толмайтынын жеткізді.

Айтуынша, елімізде футболды жақсы ойнайтын спортшыларымыз бар, дегенмен оларды құрамаға алмайтын көрінеді.

"Біздің мықты-мықты футбол ойнайтын жақсы спортшыларымыз бар, оларды құрамаға алмайды.
Жоғарыда отырған бапкерлер алғысы келмейтін сияқты. Бұрынғыға қарағанда енді дамып, жақсы ойнап келе жатыр. Ішінде қазақ жігіттердің аз болғаны намысқа тиеді", - дейді ол.

Ал бокс саласында аяқтан тарту, мүмкіндігің, кәсібилігің жетіп тұрса, сайысқа жібермеу, аренаға шығармау деген жоқ, дейді бұрынғы боксшы.

Оның сөзінше, бір спортты жақсы меңгерген адам басқа саланы да жетік меңгере алады.  

"Спортшы қай спорт түрімен айналысқанына қарамастан, сол саланың қиындығын, дайындығын көреді. Үлкен аренаға шыққан адамдар қай спорт болса да алып кете алды. Футболға қатты берілемін, бірақ бір құраманың қатарына қосылып, сол салаға ауысамын деп айта алмаймын", - дейді Ниязымбетов.

Айта кетейік, сұхбат барысында боксшы қазіргі қызметі жайлы да айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857029-kazak-zigitterdi-az-bolgany-namyska-tiedi-niazymbetov-kazak-futboly-zajly-ojyn-ajtty/

pixel