Жұмысы тоқтаған мекеменің өз қызметкерлеріне 42 500 теңге төлейтіні рас па
Опубликовано:
Елімізде жұмыс берушілер жұмыс тоқтап қалған жағдайда қызметкерлеріне ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 42 500 теңгеден төлеуі керек. Бұл Еңбек кодексінің жаңа бабында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова азаматтардан кәсіпорын тоқтап тұрған уақыт үшін ең төменгі жалақы төленбегені туралы шағым түсетін болса, тексеріп, анықтайтынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Яғни, айыппұл салынады.
"Жалақыны төлемеген және кешіктірген шағын бизнес иесі - 60 АЕК, орта бизнес - 100 АЕК және ірі бизнес иесі 150 АЕК көлемінде айыппұл төлейді", - деді Мұқажанова.
Ол жұмыс беруші 112-бапқа сәйкес, жұмыстың мәжбүрлі тоқтауын рәсімдеуге міндетті екенін алға тартты.
"Осындай жағдайға тап болғандар Қонаев көшесі, 122 мекенжайында орналасқан басқармаға жүгіне алады", - деді Алматы қаласының бас еңбек инспекторы.
Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857086-zmysy-toktagan-mekemeni-z-kyzmetkerlerine-42-500-tege-tlejtini-ras-pa/