RU

Талдықорғанның толықтай карантинге жабылатыны рас па

Талдықорған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің көбеюі жергілікті халықтің үрейін тудырды. Ел арасында тіпті облыс орталығының жақын арада толықтай карантинге жабылатынын жайлы қасуесет тарап кеткен. Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты қала әкімдігінің өкілдері жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы қаланың жабылуы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

"25 мамыр күні Талдықорған қаласы 100% карантинге жабылатыны жайлы ақпарат жалған. Бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет" , - деп жазды әкімдік өкілі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 14 мамыр күні Талдықорғанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелген болатын. COVID-19 полиция қызметкерінен анықталған еді. Тәртіп сақшысының 157 адаммен байланыста болғаны анықталған. Олардың барлығы тексерістен өткізілген. Бүгінде қалада қауіпті вирус жұқтырғандардың саны 36 адамға жетті.

Оған қоса, кеше 22 мамыр күні Талдықорғанда белгісіз ер адамның ақшаға толы терминалды көтеріп алып кеткені жайлы ақпарат тараған болатын. Ұрлық жасаған азамат видеоға түсіп қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857092-taldykorganny-tolyktaj-karantinge-zabylatyny-ras-pa/