Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда Cардоба су қоймасына қатысты іс бойынша екі күдікті ұсталды

Опубликовано:

Бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан бірқатар өзбекстандық және қазақстандық ауылдар су астында қалып қойды. Көршілес елдің бас прокуратурасы іс бойынша бірінші күдіктілерді құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/ҚР ІІМ
Фото: видеодан кадр/ҚР ІІМ: UGC

Оқиғаға кінәлі болуы мүмкін деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматы ұсталды. Бүгінде олар қамауға алынған. Бұл туралы мемлекеттің бас прокуратурасында ұсынылған мәліметтерге сүйене отырып Podrobno.uz сайты хабарлады.

Анықталғандай, іске қатысты тергеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Ведомствоның мәлімдеуінше, тергеушілердің жұмысына ешкім кедергі келтірмес үшін тергеу амалдары мен ұсталғандар жайлы ақпаратты жарияланбайды.

Айта кетейік, су қоймасы бөгетінің жарылуына қатысты іс Өзбекстанның қылмыстық кодексінің бабы бойынша жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенді су басты.

Бұл жағдайдан кейін Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857114-zbekstanda-cardoba-su-kojmasyna-katysty-is-bojynsa-eki-kdikti-staldy/

pixel