Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)

Опубликовано:

22 мамыр күні кешке әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш азаматтың қозғалыстағы автокөлік үстінде тұрған видеосы тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Автокөліктің үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Видеодан кадр: Instagram/kris_p_brothers_official: UGC

Нұр-Сұлтан қаласы құқық қорғау органдары қызметкерлері үстінде жартылай жалаңаш азамат тұрған автокөлікті тоқтатты. Куәгерлер түсірген бейнежазба полиция дабылы естілгенге дейін түсірілген. Автокөлік нөмірі арқылы иесінің тұлғасы анықталды. Ол 24 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ал көлік үстінде тұрған азамат- көлік жүргізушісінің досы, құрдасы.

Тәртіп сақшылары темір тұлпардың төбесіне шыққан жігітке қос әкімшілік бап бойынша 9723 теңге айыппұл бекітті. Көлік жүргізушісін тексеру барысында оның көлік жүргізу куәлігінің мерзімі өткені және автоның сақтандыру құжаты жоқ екені анықталған.

Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің бес бабын жинақтай келе, көлік жүргізушісі 125 010 теңге төлеуге міндеттелді. Одан бөлек, азаматтың жеке көлік құралы тәркіленіп, айыппұл тұрағына жеткізілді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан билігі алдағы күндері қаладағы карантин режимін жеңілдетуді жоспарлап отырған жоқ. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жиын өткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857158-avtoklikti-stine-is-kiimmen-sykkan-astanalyk-zauapka-tartyldy-video/

pixel