RU

COVID-19: Қызылордада науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

COVID-19: Қызылордада науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Күні кеше Қызылорда облысында коронавирус дертінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Олардан емі толық аяқталған соң 2 рет тест сынамасы алынды.

"Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті. Науқастар сырқатынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Дертті жеңген 4 науқас - Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазірге дейін Қызылорда облысында 278 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Сырқаттар арасынан 225 адам дерттен айығып шықты. Олардың 86-сы Кызылорда қаласында тұрса, аудандар бойынша Аралда 6, Қазалыда 3, Қармақшыда 5, Сырдарияда 26, Шиеліде 66, Жанақорғанда 31 адамды құрайды. Ал біреуі - Ресей Федерациясының азаматы болса, тағы бірі - Алматы тұрғыны.

Айта кетейік, отандық дәрігерлер коронавирус инфекциясы адамдардың жүйке жүйесіне әсер ететінін мәлімдеді. Медицина қызметкерлерінің мұндай тұжырымға келуінің өзіндік себебі дер бар. Олардың сөзінше, науқастар өздерінен COVID-19 анықталғанын ести сала, ақ халаттыларға жұдырық ала жүгіретін болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857163-covid-19-kyzylordada-naukastardy-80-pajyzga-zuygy-emdelip-sykty/