Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаға қатысты өңір полициясы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын қарастырып жатыр. Қайғылы жағдай БҚО Теректі ауданында 20 мамыр күні болған. Жеткіншектің 44 жастағы анасы ұлын жеке үйінен асылған күйі тауып алған.

Келіншектің өзімен бірге екі баласы тұрады. Одан бөлек, жеке тұратын кәмелеттік жасқа толған үш баласы бар. Аудан тұрғынының бұрынғы күйеуі төрт жыл бұрын суға батып кеткен. Әйелдің өзі жұмыс істемейді, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жәрдемақыға күнелтеді.

"Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектің суицид жасауы фактісі тіркелді. Мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді. Аталған фактіге сәйкес, Теректі полиция бөлімінің қызметкерлері сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Жеткіншектің өліміне қатысты барлық жайт анықталады",- деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полиция тұрақты мекенжайдағы көпбалалы ананың мінездемесі жақсы екенін хабарлады. Келіншек балаларына күтім жасаған, алкогольді ішімдікті асыра пайдаланбаған.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Атырау облысында жоғалып кеткен 1,5 жасар бала өлі күйінде табылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1857164-batys-kazakstan-oblysynda-11-zastagy-bala-z-zine-kol-zmsady/

pixel