RU

Атырауда карантин режимі 8 маусымға дейін созылды

Атырауда карантин режимі 8 маусымға дейін созылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда карантин режимі 8 маусымға дейін созылды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына толықтырулар енгізілді.

"Атырау қаласы аумағында спорадиялық жағдайлардың тіркелгенін және COVID-19 аурушаңдығының 7% - дан астам деңгейін ескере отырып, Атырау облысының тұрғындары арасында 7 күн ішінде қаулы етемін:
1. Атырау облысы аумағында шектеу іс-шараларын және Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданының Мақат ауылында карантин режимін 2020 жылдың 8 маусымы сағат 07:00-ге дейін ұзартылсын. Атырау облысының жедел штабы бекіткен блок бекеттерді кесіп өту ережелерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, 2020 жылғы 25 мамыр сағат 07:00-ден 2020 жылғы 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау қаласының карантиндік аймағының қиылуына тыйым салынсын.
2. 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде масканы кию арқылы (3 адамнан аспайтын топ немесе бір отбасы мүшелері) азаматтардың тұратын жерінен шығуына рұқсат етілсін", - делінген өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысының жаңартылған мәтінінде.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңір аумағында карантин шаралары жеңілдеді. Ал режим 25 мамырдан бастап Маңғыстау облысының эпидемиологиялық жағдайы тұрақталғанға дейін созылады.

Ал Батыс Қазақстан облысында карантин режимі 15 маусымға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857166-atyrauda-karantin-rezimi-8-mausymga-dejin-sozyldy/