RU

"Шымбұлақ" 25 мамырдан бастап өз жұмысын қайта бастайды

Оңтүстік астанадағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты 25 мамырдан бастап өз жұмысын қайта бастамақ. Демалыс орнының жұмыс уақыты мен жаңа шарттары жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/shymbulakmountainresort
Фото: instagram.com/shymbulakmountainresort: UGC

Бұл жаңалық курорттың ресми сайтында пайда болды.

Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, 25 мамыр күні курорт өз есіктерін айқара ашпақ. Алайда, онда барлық қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда ғана өтуге болады.

Біріншіден, әрбір келушінің бетпердесі болуы шарт.

Екіншіден, билет сатып алар алдында адамдардың дене қызуы міндетті түрде тексеріледі. Термометр 37 градустан жоғарыны көрсетсе, курорт аумағына өткізбейді.

Үшіншіден, кірер алдында денені толығымен дезинфекциялаудан өткізетін болады.

Айта кету керек, желіде жазғы маусымға арналған жұмыс тәртібі жарияланды. Тізім курорттың Instagram парақшасында пайда болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда базарлар, сауда орталықтары мен ХҚКО ашылатынын хабарлаған болатынбыз. Оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бұл мекемелер қандай талаптарды сақтауға тиіс екенін мәлімеді.

Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары да ашылатыны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857195-symblak-25-mamyrdan-bastap-z-zmysyn-kajta-bastajdy/