RU

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі

"Қазгидромет" РМК өкілдері 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамына бүгін ел территориясында аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 25 мамырда ел территориясы жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі.

Ал кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз жел 18 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде екіпіні 15-20 м/с дейін жел, шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 23 м/с дейін күшеймек.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар бүгін Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды өңірінде, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде күн 40 градус ыстық болатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857236-bgin-elimizdi-basym-bliginde-aptap-ystyk-ktiledi/